What are you looking for?

Хаменеи: Иран ешкімге тізе бүкпейді

19.06.2025

Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи: «АҚШ Израильге қосылып, Иранға қарсы соққы жасаса, оның салдары ауыр болады», — дейді.

Бұл мәлімдеме «Әл-Жазира» телеарнасында жарияланды. Олардың айтуынша, Хаменеи мұны АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранды «қорғансыз» деп атап, шабуылға дайын екенін жеткізгеннен кейін жасаған. Трамп бұған дейін АҚШ-тың Иранға қарсы шабуыл жасау-жасамауы өз еркінде екенін жеткізген еді. Әскери текетірес саяси мәлімдемеден кейін өршіп, аймақта ахуал қиындады. Қорғаныс жүйелері ирандық зымырандарды ауада атып түсіріп жатыр. Тегеран да Израильге әуе шабуылын жасап, дрондар мен зымыран жібергенін растады. Дүниежүзілік қауымдастық пен дипломатиялық арналар шиеленісті тоқтатуға күш салып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media