Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Астанада өткен брифинг барысында желіде өзінен балам бар деген бойжеткен туралы өз шындығын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Брифинг модераторы қанша кедергі жасауға тырысқанымен журналист әкімнен: «экс-депутат Ынташ Наурызованың айтқандары қаншалықты шындыққа жанасады, бұл рас па? Ол сізден ұлды болғанын, қазіргі күні алимент төлемей жүргеніңізді айтуда» деп сұрады.
Нұрдәулет Қилыбай бұл сауалға өзінше жауап берді.
«Жадыра, достарыңыз бар ма? Мен сізге осындай жеке сұрақтарды соларға қою керектігін айтқым келеді. Жеке шекара деген бар. Желіде жазылғанның бәрі, тарағанның бәрі шындық емес. Маған қатысты түрлі ақпараттар жазылады. Мен оның бірімен келіссем, тағы бірімен келіспеймін. Тағы бір ақпараттарды мүлде жоққа шығарамын деп жауап бере аламын. Меніңше мұндай жеке сұрақтарды өз достарыңызға қойғаныңыз дұрыс», — деп жауап берген Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, Ынташ Наурызова есімді желі қолданушысы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан некесіз баласы барын айтқан еді.