What are you looking for?

Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды

19.06.2025

Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәулет" теннис орталығының қызметімен танысты.

Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

"Дәулет" орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.

Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.

Social Link

Follow Me On Social Media