What are you looking for?

Skytrax нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік әуе компаниялары аталды

19.06.2025

Британдық Skytrax маркетингтік компаниясының сауалнамасы негізінде 2025 жылғы World Airline Awards әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail ақпаратынша, Qatar Airways тоғызыншы рет қатарынан әлемдегі ең үздік әуе компаниясы атағына ие болды.

Екінші орынды Singapore Airlines сақтап қалды. Үшінші орынға бұрын бесінші болған Cathay Pacific Airways көтерілді. Emirates төртінші орынға жайғасса, жапондық ANA All Nippon Airways бесінші орынды иеленді.

Келесі орындарда Turkish Airlines (былтырғы жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді), Korean Air, Air France, Japan Airlines және Hainan Airlines орналасқан. Ал топ-10 тізімінен тайваньдық EVA Air мен Swiss International Air Lines шығып қалды.

Қазақстандық Air Astana жалпы рейтингте өткен жылғы 38-орыннан биыл 36-орынға көтерілді. Ал "Әзербайжан әуе жолдары" (AZAL) 46-орыннан 50-орынға түсті. Сонымен қатар, Air Astana Орталық Азия мен ТМД өңіріндегі үздік әуе тасымалдаушысы атанды.

Social Link

Follow Me On Social Media