What are you looking for?

Президентке темір жол қатынасы жүйесін жаңғырту барысы жөнінде есеп берілді

19.06.2025

Бүкіл ел бойынша 125 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық серіктестермен бірлесіп, жолаушы тасымалдау жүйесіндегі қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірлердегі көлік байланысын жақсартуға бағытталған шешімдер енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, отандық ІТ компаниялар жолаушыларға арналған бірыңғай цифрлы платформа әзірледі.

Бұл билет сатып алудан бастап туристік қызмет көрсетуге дейінгі көптеген функцияны біріктіреді.

Сондай-ақ пойыздар спутниктік интернетке қосылады.

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында видеотіркеулер, мобильді терминалдар, жасанды интеллект технологиясы негізінде мәліметтерді талдауға қабілетті 4 мың камера пайдаланылады.

Social Link

Follow Me On Social Media