Қазақстанда енді номиналы 1 және 2 теңге болатын тиындар шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұл шешім осындай шағын номиналды тиындарды шығаруға қосымша шығын кетуіне байланысты қабылданған.
"Оны шығару орынсыз екенімен келісеміз (1 теңгені — еск.), сондықтан негізгі жоспарымыз мынадай: ол айналымда бар, қала береді, бірақ қосымша шығаруды жоспарлап отырған жоқпыз. Сондай-ақ, бұл 2 теңгеге де қатысты", — деді Сүлейменов Сенат дәлізінде.
Ол айналымдағы тиындар алынбайтынын, алайда жаңаларын шығару тоқтатылатынын мәлімдеді.
"Айналымда, қалтамызда жүргендерді алып тастамаймыз. Бірақ жаңасына ақша жұмсамаймыз", — деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!