Барлығы үш күнде 548 адам жауапкершілікке тартылған .
Елімізде "Заңсыз келуші – 2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көші-қон ережесін бұзған 362 шетелдік, шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібін бұзған 164 қабылдаушы тарап, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 22 жұмыс беруші жауапқа тартылды. ТМД елдерінен келген 282 шетелдіктің Алматыда уақытша болу мерзімі қысқартылды. Көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен 72 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды.
– Көші-қон жағдайын бақылау – біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады. "Заңсыз келуші" ЖАІ аясында көші-қон полициясы, патрульдік қызмет, учаскелік инспекторлардан құралған мобильді топтар күн сайын қала көшелеріне шығады. Біз тек шетелдіктердің өздері тарапынан ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасын толық орындамайтын қабылдаушылар мен жұмыс берушілердің тарапынан да заң бұзушылықтарды анықтаймыз. Бұл кешенді жұмыс, қоғамдық қауіпсіздікті және Заң талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Шараның 3 күнінде Қазақстанда болу және жұмысқа орналасу ережелерін бұзған 548 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның 527-сі елден шығарылды.