Депутат бұл ұсынысты Балаларды қорғау күнінің маңызымен байланыстырды. Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігі мен дамуына басымдық беру қажет, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастаманы қолдап, өз құзыреті аясында жауап жолдады. Ведомство бұл күн ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейтеді деп санайды.
Алайда, министрлік жауабы – Үкіметтің ортақ шешімі емес. Жаңа мерекені бекіту үшін бірнеше мемлекеттік органның келісімі және заңға өзгеріс енгізу керек.
Қазір осыған ұқсас депутаттық сауал Үкіметте қаралып жатыр. Шешім заңға сәйкес қабылданады.
Егер ұсыныс мақұлданса, 1 маусым елімізде ресми түрде демалыс күні болады.