Жарлы ауылында 17 маусымда бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 10 метр құдыққа құлап кеткен.
Баланы құтқару үшін артынан тағы бір адам түскен, алайда қайта шыға алмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметі шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, аман алып қалу мүмкін болмады", – деді Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Бұл оқиға бойынша тексеріс басталды.