What are you looking for?

Атыраудағы қамыс өртінен тұрғындардың денсаулығы сыр бере бастаған

20.06.2025

Атырауды қара түтін басып, тіпті тұрғындардың денсаулығы сыр бере бастаған. Әсіресе, демікпесі бар науқастардың ауруы қозып, жүкті әйелдер мен үлкендердің мазасы қашқан, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

"Ақжайық" табиғи резерватында өрт шыққанына бір аптадай уақыт болды. Қызыл жалынды ауыздықтауға жүздеген өртсөндіруші жұмылдырылып, тікұшақпен тонналап су құйылып жатыр. Бірақ әлсін-әлсін бықсып, жел тұрса жалын қайта басталады.

"Қала тұрғындары көк түтіннен есік-терезе аша алмай, далаға да шыға алмай қамалып отыруға мәжбүр. Салдарынан бронхиалды демікпе, ұйқының бұзылуы сияқты түрлі ауруы қозған науқастар көбейді", — дейді дәрігерлер.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында бір тәуліктен кейін дала өрті оқшауланғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media