What are you looking for?

Несиеден біржола қалай бас тартуға болады?

20.06.2025

"Ұлттық ақпараттық технологиялар " АҚ мәліметінше, қызмет тек азаматтардың өздеріне ғана қолжетімді.

Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шектеудің қолданылу мерзімі шектелмеген, бірақ қажет болған жағдайда оны кез келген уақытта алып тастауға болады", – делінген хабарламада.

Қызметті eGov.kz порталы арқылы да алуға болады, ол үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Кеден және салықтар" бөліміне өтіңіз;
  • Тізімнен "Экономика және қаржы" бөлімін таңдап, "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" қызметін таңдаңыз;
  • Қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз.

Көрсетілетін қызмет нәтижесімен жеке кабинетте танысуға болады. Аталған ақпарат тек әр азаматтың жеке кабинетінде өзіне ғана қолжетімді.

Social Link

Follow Me On Social Media