What are you looking for?

Алматыда автобус жеңіл көлікті қағып, үйге кіріп кетті

20.06.2025

20 маусымда Алматыда жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысып, үйге кіріп кетті. Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 06:15 шамасында болған.

"Жандосов көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Яссауи көшесіне бұрылып жатқан кезде тізгінді басқара алмай, жол қиылысында тұрған Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысып, кейін үйге барып соғылды", – деді полиция.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, 2 маусымда Астанада автобус жол бойындағы бағанаға соғылды. Жол апаты Республика даңғылында болды. Оқиға салдарынан 10 адам зардап шеккені хабарланды. Кейін олар елорданың түрлі стационарларына жеткізілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media