What are you looking for?

Алматыда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, кейін ғимаратқа соғылды

20.06.2025

Жол апаты туралы мәліметті қалалық полиция департаменті растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылғы 20 маусым күні таңертең Алматы қаласындағы Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы қатысқан жол-көлік оқиғасы болды.

Апат туралы ақпарат алғаш болып әлеуметтік желілерде пайда болды.

Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел басқару орталығының мәліметінше, оқиға сағат 06:15 шамасында орын алған.

"Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесіне солға бұрылған кезде рөлге ие бола алмай, Яссауи көшесімен оңтүстік бағытта жасыл шамды күтіп тұрған Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Кейін автобус қозғалысын жалғастырып, ғимаратқа соғылған", — делінген Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media