Қытайлық DeepSeek және америкалық ChatGPT нейрожелілері әлемдік жағдайдың ушығуын ескере отырып, үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мерзімін болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі нейрожелі де 2025 пен 2030 жылдар аралығындағы кезеңді атады.
Мысалы, ChatGPT-дің aif.ru басылымына берген жауабында бұл кезеңде АҚШ пен Қытай арасындағы Тайваньға қатысты қақтығыс, сондай-ақ Ресей мен НАТО арасындағы Украинаға байланысты шиеленіс күшейіп, соғыс қаупін тудыратынын айтқан. Сонымен қатар, қару-жарақ жарысының үдеуі және БҰҰ мен ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың әлсіздігі де үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болуы мүмкін.
Қытайлық DeepSeek-те үшінші дүниежүзілік соғыс 2030 жылға дейін басталуы мүмкін деген пікір айтты. Негізгі себеп ретінде ол да АҚШ пен Қытай арасындағы Тайвань мәселесіне байланысты шиеленісті атаған. Сонымен қатар, Еуропадағы Ресей мен НАТО арасындағы эскалация және әлемдік державалардың Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа тартылуы ықтимал қауіп ретінде көрсетілген.
Екі нейрожелі де үшінші дүниежүзілік соғыстың салдары өте қайғылы болатынын алға тартты. Ядролық қару қолданылған жағдайда жүздеген миллион, тіпті миллиардтаған адам қаза тауып, Жер бетінде радиациялық ластану орын алуы мүмкін.
Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Алексей Раевский бұл тақырыпқа байланысты пікір білдіріп, нейрожелілердің болашақты нақты болжай алмайтынын айтты.
"Ешқандай нейрожелі мұны анықтай алмайды. Бұл — жай ғана үлкен көлемдегі ақпаратты жинақтап, сонымен "ойнайтын" алгоритм. Нейрожелінің қолында хрусталь шар да, немесе Таро карталары да жоқ. Ол нақты осылай болады деп айта алмайды", – деді ол.
Бұған дейін Өзбекстанда жасырын діни сауат ашу орындары көбейгендігін жазған болатынбыз.