What are you looking for?

Қызылордада ТЖМ құтқарушылары 44 адам қауіпсіз жерге шығарды

20.06.2025

Қызылорда қаласындағы Шұғыла шағын ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дүкен жертөлесінде электр қалқаны мен пластикалық бөліктері жанып кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өрт сөндіру барысында баспалдақ арқылы 44 адамды, оның ішінде 17 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

Өрт 9 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді, — деп жазылған министрлік хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media