Иран астанасында тұрғындар шеруге шықты. Мыңдаған тұрғын Тегеранның орталық алаңына жиналды. Шерушілер Израильдің әрекетін сынға алып, көше бойын ұрандатып жүріп өтті. Қаза тапқан көшбасшылардың суретін ұстап, Израиль мен АҚШ-тың жалауын өртеп жіберді. Олар қақтығыстың тоқтауын талап етіп отыр. Наразылық акциясы тағы Иранның Тебриз, Шираз және Бендер-Аббас қалаларында жалғасты.
Израильге қарсы шеру Иракта жалғасты
Иран халқына қолдау білдіру үшін Ирактың Бағдад және Басра қалаларында да мыңдаған адам шеруге шықты. Олар аптап ыстыққа қарамастан орталыққа жиналған. Израильдің әрекетін айыптап, АҚШ-ты даттап, наразылығын осылай жеткізді.