What are you looking for?

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Air Astana бірнеше рейсті тоқтатты

22.06.2025

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасап, 23 маусымда бірнеше рейс тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты компаниялар тобы 23 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:

  • КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау;
  • КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
  • КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
  • КС655/656/Астана-Доха-Астана.

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады.

Әуекомпаниясы жағдайды мұқият қадағалайды және одан әрі рейстерді тоқтатқан жағдайда қосымша хабарлайды", — делінген хабарламада.

Social Link

Follow Me On Social Media