SCAT әуе компаниясы рейстердің кешігетіні туралы ескерту жасады.
SCAT әуе компаниясы 23 маусымда рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басты себеп – ұшақтың құстармен соқтығысуы.
Жағдайды реттеу үшін резервтік ұшақтар жіберілді, бірақ кейбір бағыттар бойынша рейстер кешігуі мүмкін:
- Алматы – Шарм-эль-Шейх;
- Алматы – Анталия;
- Анталия – Алматы.
Бұдан басқа, SCAT Таяу шығыстағы ахуалға байланысты Астана-Доха рейсі тоқтатылғанын хабарлады. Осыған дейін отандық компаниялар тобы 23 маусымда бірнеше рейсті тоқтататты.
Атап айтқанда:
- КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау;
- КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
- КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
- КС655/656/Астана-Доха-Астана.