What are you looking for?

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

23.06.2025

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Жоғарғы палатаның баспасөз қызметінен.

Бұл заңдар Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп берген міндеттерді іске асыру мақсатымен әзірленген және қолайлы бизнес-орта мен инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған. Олар салық төлеушілерге ел аумағындағы экономикалық қызметті жүргізу жағдайларының тұрақтылығы мен айқындылығына негізделген өз қызметін анықтауға мүмкіндік береді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел экономикасының дамуына үнемі баса мән беріп келеді. Экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының тиімділігіне тікелей байланысты екені анық. Осыған орай Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмасын іске асыру үшін фискалды реттеу ісін қайта жаңғыртуды көздейтін жаңа Салық кодексі әзірленді. Кодекстің мақсаты — салық жүйесінің әділ, тиімді және жаңа экономикалық даму талаптарына сай болуын қамтамасыз ету. Осы ретте құжатта экономиканың түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесі қарастырылып отыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жекелеген салаларда жеңілдетілген мөлшерлеме белгіленді. Сондай-ақ дифференциалды корпоративтік және жеке табыс салықтары енгізілді. Бұдан былай, аса қымбат мүлік иелеріне де "сән-салтанатқа салық" салынатынын атап өткен жөн", — деді Палата Спикері.

Social Link

Follow Me On Social Media