What are you looking for?

Мұхтар Мағауиннің ұлы өмірден өтті

24.06.2025

Қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мағжан Мағауин өмір бойы Алматы қаласында тұрған. Жазушының алты баласы болған – төртеуі ұл, екеуі қыз.

Мұхтар Мағауин – тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

1940 жылы 2 ақпанда сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. Биыл 10 қаңтарда, 84 жасында өмірден өткен еді. Жаназасы Мэриленд штатында өтті.

Social Link

Follow Me On Social Media