What are you looking for?

25 маусымда Қазақстанның екі өңірінде аптап ыстық болады

24.06.2025

Ел аумағында жаңбырмен қатар аптап ыстық та болады .

Синоптиктер 2025 жылғы 25 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, сәрсенбі күні күндізгі уақытта аптап ыстық болады.

Алматы және Жетісу облыстарында – +35…+39°С дейін;

Жамбыл облысында – +38°С дейін;

Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында – +41°С дейін.

Сондай-ақ Алматы облысының солтүстігі, батысы, орталығында және Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз +42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

"Республиканың басым бөлігінде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, батыс, солтүстік-батыс, шығыс пен орталықта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Ел аумағында жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі", — делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media