What are you looking for?

Қатардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз

24.06.2025

Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі елшілігі мәлімдеме жасады.

Қазіргі уақытта Қатар елінің әуе кеңістігі толықтай жабық, деп жазады inbusiness.kz айты.

– Құрметті Қатардағы Қазақстан Республикасының азаматтары! Қазіргі уақытта Қатардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз. Дүрбелеңге салынбауды, қауіпсіз жерде қалуларыңызды және жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз, – делінген Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі елшілігі таратқан хабарламада.

Әуе қозғалысы қалпына келген бойда қазақстандық туроператорларға жаңа ұшу күндері туралы хабарланады. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

– Елшілік жағдайды жіті қадағалап отыр және қажет болған жағдайда екі елдің жауапты органдарымен келісе отырып, қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды. Жағдай тұрақталғанша қауіпсіз жерде қалуларыңызды өтінеміз, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезіндегі елшіліктің байланыс нөмірлері:

  • +974 4411 0527
  • +974 4412 8015
  • +974 5064 9955

Айта кетелік, Иран АҚШ-тың Қатар мен Ирактағы базаларына соққы жасап, жаңа операцияны бастады.

Social Link

Follow Me On Social Media