What are you looking for?

Иран халықаралық рейстерге әуе кеңістігін ашты

25.06.2025

Бұл туралы Flightradar X платформасында мәлім етілді.

Иранның әуе кеңістігі Тегеранға және басқа да халықаралық рейстер үшін ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Енді Иранның әуе кеңістігі алдын ала рұқсат алған жағдайда Тегеранға және халықаралық рейстерге ашық, – деп жазды Flightradar басылымы.

Картада әзірге Иранның үстінен ешқандай рейстер көрсетілмеген, сондай-ақ Тегерандағы Имам Хомейни халықаралық әуежайынан ұшып келетін немесе ұшып бара жатқан ұшақтар туралы деректер жоқ.

Айта кетейік, Иран билігі Израильдің соққыларына байланысты әуе кеңістігін жабуды жариялап, оны бірнеше рет ұзартты.

Social Link

Follow Me On Social Media