Еліміздің әр өңіріндегі тәртіп сақшылары да мереке қарсаңында жүргізуші әйелдерді құттықтауды ұмытпады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірі сегіз санын көлікпен жасап келтірсе, енді бірі жол ережесін мүлдем бұзбаған қыз-келіншектерге тарту жасаған.
Қостанайлық жол сақшылары да бұл мейрамға мықты дайындалған. Патрулдік полицейлер қызметтегі көліктерін бір жерге жинап, сегіз санын құраған. Арнайы бейнеролик те дайындаған.
Мереке қарсаңында полицейлер бұл өңірде сақшылардан сын-ескертпе алмаған қыз-келіншектердің көлігін жаппай тоқтатқан. Осылайша ереже бұзбаған ханымдарға гүл сыйлап, тілектерін арнады.
Ақтөбелік полицейлер де осы акциядан қалыс қалмады. Әйелдер жол сақшылары тосыннан көшеде тоқтатқанына аң-таң. Ереже бұзбағанын айтып ақталған. Гүл ұсынғанда ғана көбі мерекеде сыйлы болып жатқанын түсініп, мәз болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Related items