What are you looking for?

Депутат адамдар онлайн дүкенге неге сенбейтінін айтты

25.06.2025

Онлайн сауданың сауда-саттық көлеміндегі үлесі 14,1 пайызды құраған.

Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов электронды сауданы дамытуға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, онлайн сауда шағын бизнес өкілдеріне зор мүмкіндік беріп отыр.

"Шағын бизнеске дүкен ашпай-ақ, арендаға алмай-ақ, витриналарға қосымша ақша жұмсамай, нарыққа шығуға және сатып алушыларды табуға мүмкіндік береді. Шығын азайып, табыс табуға жағдай жасалады. Қарапайым тұрғындар үшін де онлайн тапсырыс беру өте ыңғайлы. Қажетті затты үйден шықпай-ақ сатып алып, уақыт үнемдеуге болады. Алайда интернет арқылы сауда жасау қолайлы болғанымен, кей адамдар онлайн дүкенге әлі де толық сене бермейді. Интернет алаяқтықтан қауіптеніп, көпшілігі әлі күнге дейін тауарды көзбен көріп, қолмен ұстап алғанды қалайды", – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Мархабат Жайымбетов құзырлы министрліктен онлайн сауданы дамытудың қандай перспективалары бар деп сұрады.

"2020 жылдан бастап салыстырғанда қазіргі уақытта электронды сауда көлемі 7 есе ұлғайды. 476 млрд теңгеден 3,2 трлн теңгеге дейін. Қазіргі уақытта электронды сауданың біздің сауда-саттық көлеміндегі үлесі 14,1 пайызға жетті. Бұл – өте маңызды сегмент. Біз қазір шетелдік платформаларды мониторинг жасағанда, онда біздің тізімімізде 104 компания бар. Сол себепті электронды сауды-саттықтың болашағы өте зор. Бірақ жұмыспен қамту саласында елеулі өзгерістер күтілмейді. Себебі жаңа жұмыс орындарын құру мұнда көзделмеген", – деді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Social Link

Follow Me On Social Media