"Таза Қазақстан " экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын өзектендіру тапсырылды.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасын жүзеге асыру мәселесі бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Президент бастамасына, оның ішінде табиғат пен мәдени мұра нысандарына ұқыпты қарау бойынша құндылықтарды ескере отырып, Туризм министрлігі алдына облыстар мен қалалар әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір елді мекен бойынша барлық бұқаралық спорттық іс-шараның бірыңғай күнтізбесін әзірлеу міндеті қойылды.
"Орналасқан жері, туристік нысандар және басқа да қажет мәліметтер көрсетіле отырып, жалпыға бірдей пайдалануға арналған негізгі экотуризм нысандарының картасын жасаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар мәдениет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде халық арасында экологиялық және рухани мәдениетті тәрбиелеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу міндетін қойды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады
Жұмыс қорытындысы бойынша "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын өзектендіру тапсырылды.