What are you looking for?

Нұрпейіс Байғаниннің көне домбырасы қайта жаңғыртылуда

25.06.2025

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 3-курс студенті, халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің шөбересі Нұрбек Алпамысұлы Байғанин ерекше жобаны қолға алды. Ол өзінің бабасы жасаған көне домбыраны қайта жасап, ұлттың рухани жадына жан бітіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Университет дерегінше, бұл домбыраны кезінде Нұрпейіс Байғанин өз ұлы Момын Байғанинге арнап жасаған. Аспаптың түпнұсқасы бүгінге дейін толық сақталмағанымен, домбыраның тек құлағы ғана қалған. Осы тарихи бөлшек Нұрбекке шабыт беріп, ол көне мұраны мүмкіндігінше түпнұсқасына жақын етіп қайта жаңғыртуға бел буған.

Нұрпейіс Байғаниннің көне домбырасы қайта жаңғыртылуда

Бұл домбыра тек біздің әулетке ғана емес, күллі қазақ еліне ортақ қасиетті мұра деп есептеймін. Қайта жаңғырту арқылы мен ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты сақтауға атсалысып жатырмын, — дейді жас шебер.

Домбыраны жаңарту жұмысы Қ. Жұбанов университеті жанынан құрылған арнайы өнер шеберханасында жүргізілуде. Жоба университет оқытушылары тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Олар бұл бастаманы жастардың ұлттық тамырын танып, рухани мұраға бет бұруының жарқын үлгісі деп есептейді.

Social Link

Follow Me On Social Media