Алматылық Айша Сатыпалды Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) 140 балл жинады. Осындай жоғары жетістігі үшін білім ордасы оған пәтер сыйлады , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"140 балл жинағаныма әлі күнге дейін сене алмай жүрмін. Шын айтсам, ондай нәтиже күткен де жоқпын. Негізгі мақсатым – 130 балдан асу еді. Дегенмен дайындыққа екі жылымды арнадым: 10-сыныпта ағылшын тіліне, 11-сыныпта тарих пәніне басымдық бердім. Ұйқысыз түндер мен күйзеліс болды, бірақ тест тапсыру жеңіл өтті”, – деді Айша.
Айша Сатыпалды 125 International High School оқушысы, "Екі шет тілі" мамандығы бойынша білім алып, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болуды армандайды. Сондай-ақ шетелде магистратура оқуға ниетті.