What are you looking for?

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды

26.06.2025

Талдықорған қаласында үш автокөлік, оның ішінде жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Қатты соқтығыс салдарынан бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден видео таралып жатыр. Хабарланғандай, соқтығыс Ж. Жабаев пен Абылай хан көшелерінің қиылысында болған.

Жетісу облысының полиция департаментінің мәліметінше, жедел жәрдем көлігі, Suzuki және Mazda автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша материал тіркелген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан өткен, соның салдарынан соқтығыс орын алған. Suzuki көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Social Link

Follow Me On Social Media