What are you looking for?

Жел және өрт қаупі: 27 маусымда Қазақстандағы ауа райы

26.06.2025

"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен орталығында аптап ыстық пен желге байланысты төтенше жағдай қаупі болуы мүмкін. Ал басқа өңірлерде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz

"Жаңбыр жауып, найзағай болады. Елдің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін", — деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.

Өрт қаупі жоғары аймақтар ретінде келесі өңірлер аталды: Абай облысының орталығы, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысы, Ақмола облысының солтүстік-батысы, Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстігі, Батыс Қазақстан облысының батысы мен шығысы, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі, Атырау облысы, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығы, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі.

Төтенше өрт қаупі мына өңірлерде болуы мүмкін: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Алматы облысының солтүстігі мен батысы, Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігі, Ақтөбе облысының батысы мен орталығы, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігі, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігі, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығы, Абай облысының батысы мен оңтүстігі.

Social Link

Follow Me On Social Media