What are you looking for?

Қытайда тасқын су алып кеткен оқушы қыз 7 сағаттан соң кәріз жүйесінен дін аман табылды

27.06.2025

24 маусым күні қытайлық құтқарушылар су тасқыны кезінде кәрізге түсіп кеткен қыз баланың тірі табылғанын мәлімдеді. Ол кәріз жүйесінде жеті сағаттан астам уақыт өткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC News дерегінше, бүлдіршін мектептен үйіне қайтып келе жатқанда жоғалған туфлиін алмақ болып жатқанда, қатты жауған жаңбыр оны кәрізге ағызып әкеткен. Тереңдігі 9 метрден асатын кәріз ішінде қыз темір тірекке жармасып, өмірі үшін күрескен.

Қытайдың мемлекеттік Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, 26 маусымға дейін нөсер жаңбыр салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапқан, ал он мыңдаған тұрғын Гуандун, Гуанси, Гуйчжоу және Хубэй провинцияларынан эвакуацияланған. Жаппай су тасқыны ғимараттар мен инфрақұрылымды қиратып кеткен.

Бұған дейін 2025 жылдың 24 маусымында Түркияның оңтүстігіндегі аттас провинцияның Адана қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болғандығы хабарланған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media