Оның айтуынша, қазіргі жағдайда бұл міндетті орындау оңай емес.
Премьер-министр Олжас Бектенов парламент палаталарының бірлескен отырысында экономикаға салынатын қаржының көлемін жариялады.
Үкімет басшысы "биыл экономикалық өсімнің динамикасы позитивті" екенін ерекше атап өтті. Бес айдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім 6%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да өсіп келеді. Бизнеске кредит беру көлемі артқан.
"Бүгінде үкімет "Бәйтерек" арқылы үлкен бағдарламаны іске асырып келеді. Былтыр экономикаға шамамен 4 триллион теңге салынса, биыл холдингтің алдына кем дегенде 8 триллион теңгені салу міндеті қойылып отыр. Ол үшін холдингтің жарғылық капиталын 1 триллион теңгеге арттырамыз", – деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, қазіргі жағдайда бұл міндетті орындау оңай емес. Бірақ оны іске асыруға болады.
Оқи отырыңыз: Бектенов "Таза Қазақстан" бастамасын жүзеге асыру мәселесі бойынша бірқатар тапсырма берді