Францияда да күн шыжып тұр.
Елдің оңтүстігінде сынап бағаны 40 градусқа дейін көтерілді. Әсіресе Перпиньян мен Руссильон қаласында ахуал күрделі. Тұрғындар ыстыққа шыдай алмай, пана іздеп әлек. Билік аптапқа байланысты 73 департаментте қауіптің сары деңгейін жариялады. Аса қажеттілік болмаса тысқа шықпай, көп мөлшерде су тұтынуға шақырды. Сондай-ақ балалар мен қарт кісілерге ерекше назар аударуға кеңес берді. Жергілікті метереология қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталады. Мамандардың айтуынша, кейінгі жылдары мұндай аптап Францияда жиілеп кетті. Бұған жаһандық жылыну себеп.
Мартина, жергілікті тұрғын:
- Үйімде салқындатқыш бар. Барлық бөлменің терезесін қараңғылап қоямын. Салқын суға да жиі шомыламын. Соның өзінде мына ыстыққа төзу мүмкін емес. Адам тұрмақ үй жануарларының өзі шыдас берер емес.