Халық кезектен тыс сайлаудың өтуін қалайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Белградта он мыңдаған адам наразылыққа шықты. Ал ел басшысы Вучич халық шартына келіспейтінін мәлімдеген.
Сенбі күні өткізілген акция Нови-Сад теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 16 адам мерт болған соң басталып, өткен жылдың қарашасынан бері жалғасып келе жатқан жемқорлыққа қарсы наразылық шараларының жалғасы.
Өткен айда наразылық білдірушілер кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етті. Қазіргі парламенттегі көпшілік Александр Вучичтің партиясының өкілдері. Президент кезекті сайлау өз уақытында, яғни 2026 жылдың соңында өтеді деген болатын. Наразылық білдірушілер Вучичтен кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.
Сербия астанасындағы митингтен соң наразылық білдірушілер полициямен қақтығысты. Полиция халықты тарату үшін түрлі құралдарды қолданған. БАҚ өкілдері көзден жас шығаратын және бұрыш газын пайдаланды деп жазып жатыр. Сонда-ақ AFP агенттігінің тілшілері полицияның жарық дыбысты граната қолданғанының куәсі болған.