What are you looking for?

Израиль “Евровидение“ байқауынан шеттетілуі мүмкін

29.06.2025

Келесі аптада Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) Израильді "Евровидение" музыкалық байқауынан шеттету туралы ұсынысты талқылайды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Young European Greens ұйымының мәліметінше, Газа секторындағы оқиғаларға байланысты бірқатар еуропалық ел 2025 жылғы "Евровидение" байқауынан Израильді алып тастауды талап еткен. Бұл елдердің қатарында Словения, Финляндия, Нидерланды, Испания және Исландия бар.

Мамыр айында, Базельде өтетін байқауға аз уақыт қалғанда, Ирландияның телерадиокомпаниясы Еуропалық хабар тарату одағынан Израильдің қатысуына қатысты мәселе ұйым мүшелері арасында кең көлемде талқыланатыны туралы уәде алған.

Исландиялық БАҚ бүгін RÚV (Исландияның телерадиокомпаниясы) кеңесінің екі ай бұрын өткен отырысының хаттамасын жариялады. Хаттамаға сәйкес, Израильдің "Евровидениеге" қатысуы 3 шілдеде Лондонда өтетін Еуропалық хабар тарату одағының Бас Ассамблеясында қаралатын болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media