Шаһар тұрғындары көпқабатты үйлерде жәндіктердің көбейгеніне шағым айтуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әкімдік өкілдері көп өтпей бұл жәндіктердің күрт көбею себебін түсіндіріп, күннің ысуымен байланысты екенін мәлімдеген.
"Қандаланың көбею себебі — ауа райының күрт өзгеруі: көктемнің салқындығы мен ауа температурасының бірден +35° дейін көтерілуі. Бұл шіркей-қандаланың көбеюіне өте қолайлы жағдай туғызды", — дейді әкімдік өкілдері.
Алматы әкімдігі зиянкестерге қарсы күрес адам мен жануарлар үшін қауіпсіз биологиялық құралдар арқылы жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жасыл желектерге күн сайын дәрілер себіліп жатыр екен. Негізінен түнде және таңертеңгі уақытта осы жұмыстар жүргізіледі.
Биологиялық өңдеудің бірінші кезеңі сәуір айында аяқталған. Маусымда екінші кезең аяқталуға жақын. Үшіншісі 5 шілдеден 5 тамызға дейін өтеді, ал соңғы кезең 15 тамыз бен 20 қыркүйек аралығына жоспарланған.