What are you looking for?

Қытай су тасқынынан соң төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды

29.06.2025

Ел билігі жаңбыр жауып , жойқын тасқын үдегеннен кейін "сары деңгей" жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытайдың ұлттық метеорологиялық қызметі 29 маусымда елдің кейбір аймақтарында жауған жауын-шашынға байланысты сары деңгей жариялады.

"Ұлттық метеорологиялық орталықтың болжамы бойынша жексенбі сағат 08:00-ден дүйсенбі күні таңғы сағат 08:00-ге дейін Сычуань, Ганьсу, Шэньси, Хубэй, Чжэцзян, Фуцзянь, Аньхой, Цзянсу, Шаньдун, Хэбэй провинцияларының кейбір аудандарында қатты жаңбыр жауады”, – делінген хабарламада.

Мамандар Сычуань ойпатының кейбір аудандарында тәуліктік жауын-шашын мөлшері 300 миллиметрден асады деп есептейді.

"Жергілікті билік органдарына ықтимал су тасқынына дайын болуды және қалалық аумақтар мен ауылшаруашылық алқаптарында қажетті дренаждық шараларды қабылдауды ұсынды. Ведомство екінші дәрежелі апат қауіптерінен, соның ішінде тау ағындары, геологиялық апаттар, орта және шағын өзендердегі су тасқындарынан сақ болу қажетін атап өтті", – деп мәлімдеді.

Сонымен бірге Қытайдың оңтүстік-батысындағы Рунцзян округі су тасқынына байланысты ескерту деңгейін тағы да ең жоғары деңгейге көтерді. Бұл ретте жергілікті билік зардап шеккен аудандардан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді жалғастырып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media