Бұл жолы Анталияның тарихи Калейжи ауданындағы қонақүй өртке оранды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға Калейджи тарихи ауданындағы Селчук Махаллесі Ұзын Карсы көшесінде сағат 12:00 шамасында болған. Жалын 3 кәсіпорынды шарпыған, соның бірі – қонақүй.
Хабарлама бойынша, бұл аймаққа көптеген өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Экипаж мүшелері тарихи аудандағы өрттің аймақтағы басқа ғимараттарға таралуын болдырмау үшін барын салып жатыр.
Бұдан бұрын Түркияның Мармарис қаласында орналасқан бес жұлдызды қонақүй өртеніп, 6 адам ауруханаға түскен болатын.
Оның үстіне 2025 жылдың қаңтар айында Түркиядағы Grand Kartal қонақүйі қызыл жалынға оранып, туристерді дүрліктірген еді.