What are you looking for?

Иран әуе кеңістігіне одан әрі сақтықпен қарауда

29.06.2025

Иран билігі елдің солтүстік, батыс және оңтүстік аймақтарында ішкі және халықаралық рейстерге тыйым салуды 30 маусымға дейін ұзартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Иранның жол және қала құрылысы министрі Маджид Ахван мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұшуға тыйым салу жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ге дейін күшін жоймайды.

Бұған дейін Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан 49 әйел мен 13 бала көз жұмғанын жазған едік.

13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранға соққы жасады. Тегеранда жарылыстардың дыбысы естілді. Израиль төтенше жағдай режимін жариялап, өзінің әуе кеңістігін жапты. Иран Израиль соққысынан жоғары әскери қолбасшылары мен жетекші ғалымдары қаза тапқанын растады.

Жауап ретінде Иран Израиль бағытына 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын жіберді.

Social Link

Follow Me On Social Media