What are you looking for?

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2025

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген.

Білімі: 1983 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданының Киров атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне түсті, оны 1987 жылы бітірді. Білімі бойынша командалық тактика.

1996 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірді. Білімі бойынша командалық штабтық жедел тактикалық әскери барлау.

2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірді. Білімі бойынша әскери мемлекеттік қауіпсіздік.

2003 жылы Шымкент қаласының маслихатының 3-ші шақырылымының депутаты болып сайланды.

1987 және 2006 жылдар аралығында взвод командирінен бастап құрама командиріне дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006 және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының орынбасары.

2007 және 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Бас штабының бастығы.

2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Қолбасшысы.

2013 жылғы 22 қантардан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы.

2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.

2022 жылғы 19 қаңтардан 2025 жылдың 8 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

II дәрежелі "Даңқ" орденімен, шет мемлекеттерінің екі орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 35 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы генерал-лейтенант.

Social Link

Follow Me On Social Media