What are you looking for?

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа лауазымға тағайындалды

30.06.2025

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды.

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 8 маусымда президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Оның орнына орынбасары Дәурен Қосанов тағайындалды.


Оқи отырыңыз: Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды


Social Link

Follow Me On Social Media