What are you looking for?

Қазақстанда соңғы 3 жылда 780 жаңа компания халықаралық нарыққа шықты

30.06.2025

Бұл туралы " QazTrade " сауда саясатын дамыту орталығы хабарлады.

Қазақстан шикізаттық емес секторды дамытуға және шикізат экспортына тәуелділікті азайтуға белсенді мән беріп келеді. 2024 жылы шикізаттық емес экспорт 40,6 миллиард АҚШ долларына жетіп, жоспарланған межеден асып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде 28,8 миллиард доллар – тауарлар, 11,8 миллиард доллар – қызметтер экспорты.

"QazTrade" мәліметінше, шикізаттық емес экспортты әрі қарай дамыту үшін мемлекеттен жүйелі қаржылық қолдау қажет. Бұл бизнес өсуіне, жаңа нарықтарға шығуға және қосылған құны жоғары өнімдерді көбейтуге мүмкіндік береді.

Экспортты әртараптандыру – Қазақстанның жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы. Негізгі бағыттар: машина жасау, құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, финтех, көлік пен логистика.

2021 жылдан бері 14 мемлекетте 40-тан астам іскерлік шара, 2500-ден астам B2B кездесулер өткізілді. 2024 жылы экспорттық келісімшарттар көлемі 1,3 миллиард доллардан асты. Соңғы үш жылда 780-нен астам жаңа компания халықаралық нарыққа шықты, 2025 жылы олардың саны 1000-нан асады деген жоспар бар.

Дайын өнім мен қызметтерді экспорттауды дамыту – экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі. Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге сыртқы нарықта тұрақты орын табуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Social Link

Follow Me On Social Media