23 маусымдағы кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырма бойынша Президент Әкімшілігі құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жекелеген күштік органдарға ғана тән кемшіліктермен қатар, жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер ететін жалпы проблемалық бағыттар анықталды. Талдау нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді, олардың пысықталуын жауапты мемлекеттік органдар қысқа мерзімде қамтамасыз етуге тиіс. Қабылданып жатқан шаралар, қол жеткізген нәтижелер мен тиісті қорытындылар Мемлекет басшысына баяндалды", — деп жазылған хабарламада.
Тапсырманың тиісті орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау мекемелерінің жұмысына қатысты пікір білдірді.
Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!