What are you looking for?

Алматыда мопед ұрлаған күдікті полиция қызметкерін жолда сүйреп кетті

30.06.2025

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда полиция қызметкері мопед ұрлаған ұрыны тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшысының іс-әрекеті көрсетілген бейжазбаны Алматы қаласының Полиция департаменті жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, күндізгі уақытта полицияға Төле би даңғылы бойындағы аулада тұрған мопедтің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Мотоцикл дулығасын киген екі адам оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасаған.

Жақын маңдағы аумақты жедел тексеру барысында Алмалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Елдар Тоқташев күдіктілерді байқаған.

"Жолда көлік көп болғандықтан, полиция қызметкері қылмыскерлерді жаяу аңди бастады. Бірнеше рет тоқтауды талап еткеніне қарамастан, күдіктілердің бірі қашуға әрекеттеніп, нәтижесінде полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, басқа жол қозғалысына қатысушымен соқтығысқан. Алған жарақатына қарамастан, полиция қызметкері батылдық танытып, күдіктіні ұстады. Кейіннен оның қаладағы мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды", – деп хабарлады департаменттен.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media