What are you looking for?

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

30.06.2025

Экс-министрдің мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

"Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тергелді", — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ агенттіктің ресми өкілі тергеу "құпия" белгісімен жүргізілгендіктен, қылмыстық істің мән-жайы жариялауға жатпайтынын ескертті.

Айта кетсек, бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа биыл наурызда түсті. Ол 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

Social Link

Follow Me On Social Media