Оңтүстік Корея президенті тергеу изоляторынан босатылды, деп хабарлайды 24kz.
Саясаткер бір жарым айдан астам уақыт қамауда отырған болатын. Енді ол президент резиденциясына оралды. Сот оның босату туралы өтінішін мақұлдады. Соған қарамастан тергеу жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, Юн Сок Ёль елде әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты көтеріліс жасады деген айыппен ұсталған еді. Содан кейін парламент президентке импичмент жариялады.