What are you looking for?

Шілденің алғашқы күнінде елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

30.06.2025

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 1 шілдеде елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада күндіз найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 01-04 шілдеде облыстың батысында, оңүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Social Link

Follow Me On Social Media