What are you looking for?

Қазақстанда "Жастар практикасына" қатысушылардың жалақысы өседі

01.07.2025

Субсидия мөлшерін 30 АЕК-тен кем емес мөлшерде арттыру жоспарланып отыр.

Қазақстанда қазіргі таңда "Жастар практикасына" қатысушылардың жалақысы 30 АЕК-ті (2025 жылы 117 960 теңге) құрайды. Енді оны арттыру мақсатында бағдарламаға бөлінетін субсидия көлемін 30 АЕК-тен кем емес мөлшерде ұлғайту жоспарланып отыр.

"Бұл жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджет мүмкіндігінің негізінде жастар практикасына қатысушылардың жалақысын ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады", – делінген үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарына берген жауабында.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары "Жастар практикасына" қатысушылардың айлық жалақысын 30 АЕК-тен 40 АЕК-ке, ал ауылдық жерлерде 45 АЕК-ке дейін көбейту бойынша ұсыныс тастаған болатын.

Еске салайық, "Жастар практикасы" жобасының негізгі мақсаты – жоғары оқу орны мен колледж бітірген түлектерді алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтау үшін 12 айға уақытша жұмысқа орналастыру және олардың тұрақты жұмыспен қамтылуға көшуін жеңілдету. Жастар практикасына қатысушылардың басым бөлігі – педагогика, медицина бойынша білім алған түлектер, яғни, мұғалімдер, тәрбиешілер және медицина қызметкерлері.

2024 жылы жастар практикасына 33 336 жас маман жіберілді, оның ішінде 16 159 маман білім беру мекемелеріне, 4844-і – медицина ұйымдарына жіберілді.


Оқи отырыңыз:

  • Қазақстанда дәрігерлердің жалақысында қандай өзгерістер бар
  • Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі

Social Link

Follow Me On Social Media