What are you looking for?

Әйел ұлының екі жылдан бері тамақ жемейтінін айтып, көмек сұрады

01.07.2025

Ұлыбританияның Хайтон қаласының тұрғыны Джесс МакКормик екі жылдан бері ештеңе жемейтін үш жасар ұлы Ронни МакГидің өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Daily Star басылымы жазды.

Ронни дүниеге келгенде қалыпты дамып, ана сүтімен қоректенген. Алайда 18 ай толғаннан кейін кенеттен тамақтан бас тарта бастаған. Қазір ол тек сүт іше алады – кез келген басқа тағам оған үрей мен жиіркеніш тудырады.

Анасының айтуынша, баласы үнемі жүрегі айну, іш ауыруы және диарея секілді белгілерге шағымданады.

Әрбір күніміз үрейге толы. Кішкентай ұлыңның қиналғанын көріп, оған қажетті көмек көрсете алмау – жүректі ауыртатын жағдай, – дейді Джесс МакКормик.

Отбасы ондаған дәрігерге жүгінгенімен, нақты диагноз қойылмаған. Дәрігерлер баланың жағдайы «таңдаулы әрі шектеулі тамақтану бұзылысы» (ARFID) болуы мүмкін деп болжауда. Бұл – адам белгілі бір тағам түрлерін дәмі, иісі немесе құрылымы үшін қабылдай алмайтын немесе мүлде тәбеті болмайтын сирек психологиялық күй.

Қазіргі уақытта әйел ұлын емдеуге және нақты көмек көрсете алатын мамандарға жүгінуге қаржы жинап жатыр.

Мен тек ұлымның жағдайы жақсарғанын қалаймын. Ол қалыпты өмір сүрсе деймін, – дейді үмітін үзбеген ана.

Social Link

Follow Me On Social Media