What are you looking for?

Қазақстанның арнайы күштері Түркиядағы халықаралық оқу-жаттығуларына қатысуда

01.07.2025

Түркия Республикасында Қазақстан, Әзербайжан, Пәкістан, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 33 елдің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы "Анадолы-2025" халықаралық оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жаттығуға Қазақстан тарапынан Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің жеке құрамы қатысуда.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде қазақстандық әскери қызметшілер қалалық жағдайлардағы іс-қимылдарды, парашютсіз десант түсіруді, жаралыларды эвакуациялауды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды пысықтайтын болады.

Арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің жаттығуларға қатысуы жауынгерлік дағдыларды арттыруға, тәжірибе алмасуға және арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Оқу-жаттығу 3 шілде аяқталады деп жоспарланған.

Social Link

Follow Me On Social Media